Парламент палаталарының бірлескен отырысында “Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Конституциялық заң жобасы талқыланып жатыр.
Заң жобасының басты мақсаты – бірпалаталы Құрылтайдың конституциялық – құқықтық негізін бекіту болып табылады.
Заң жобасын Мәжіліс депутаты Айдос Сарым таныстырды. Оның айтуынша, Құрылтай құрамына 145 депутат енеді.
“ Заң жобасына сәйкес, Құрылтайдың құрамы 145 депутаттан тұрады, пропорционалдық жүйе бойынша сайланады және олардың өкілдік мерзімі – 5 жыл болады, деп белгілеу ұсынылып отыр”, – деді депутат.
Сондай-ақ Құрылтай аясында 8 бейінді комитет құру жоспарланған. Бұдан бөлек, Конституциялық заң деңгейінде алғаш рет Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес туралы нормаларды бекіту ұсынылды.
Жаңа Заң жобасы осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.