$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек соғыс ардагері Нұрғасым Әжітаевқа құрмет көрсетті

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек соғыс ардагері Нұрғасым Әжітаевқа құрмет көрсетті

Ерге құрмет – елге міндет. «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек соғыс ардагері Нұрғасым Әжітаевтың шаңырағына барды. Биыл 101 жасқа келген қарт майдангерге жеңіс күні қарсаңында құрмет көрсетілді. Дәулет Кәрібек батырлар ерлігін ұлықтау – ұрпақ парызы екенін атап өтті.  «AMANAT» партиясы тұрақты түрде «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүзеге асырып келеді.  "QAISAR" және "Сарбаз болғым келеді" жобалары аясында да әскери-патриоттық іс-шаралар тұрақты өтеді.  Соғыс ардагері Нұрғасым Әжітаев елге тыныштық пен бірлік тіледі. Ол майдан жылдары Курск доғасындағы шайқастарға қатысқан. Авиациялық бөлімдерде атқыш болды. Берлинді алу кезіндегі ұрыс шебінен табылды. Дивизия құрамында Жапонияға қарсы соғыста да табандылық танытты. Етігімен қан кешкен есіл ердің ерлігі елеусіз қалған жоқ. Нұрғасым Әжітаев II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін», «Маршал Г. К. Жуков» медальдарымен марапатталған.