$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылжардағы Тепличный кентінің бөгеті сыр берді

Қызылжардағы Тепличный кентінің бөгеті сыр берді

Қызылжардағы Есіл өзенінің Тепличный кенті тұсындағы бөгет сыр берді.  Бетон жабынды жарылып кеткен. Балшықтан қаланған нысан 2024 жылы алапат су тасқыны кезінде бой көтерді. Биіктігі 7 метр, ал ұзындығы 5 шақырымға созылған. Топан судан зардап шеккен халық осы бөгетке сеніп келген. Енді алаңдап отыр.

СЕРГЕЙ ИВАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен құрылыс кезінде бұл жерден жиі өтіп, бақылап жүрдім. Бөгеттің сапасы жақсы. Бірақ бетонның кей бөлігі қыста құйылды. Сол себептен сыр беруі мүмкін. Бөгеттің жарылуы бізді алаңдатып отыр.

Қызылжар ауданының әкімдігі бар гәп дамбаның астымен өтіп жатқан су құбырында дейді. Қалалық сумен қамту кәсіпорнына тиесілі магистраль жарылып, бөгеттің қабатын шайып кеткен.

БАХТИЯР БИКЕНЕВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мердігер компания құрылыс кезінде дамба астындағы құбырдан судың ағып жатқанын анықтап, бетонның 20 метрдей аралығын қопарып тастады. Жақын арада Қызылжар су серіктестігі құбырды жөндеу жұмыстарын қолға алады. Және бетонды қалпына келтіруге қатысты барлық шығынды аталған компания өтейді.