$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты

Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
ҚТЖ

Жеңістің 81 жылдығына арналған мерекелік пойыздар сапарға шықты.

Атап айтқанда, № 9/10 «Астана — Алматы», № 85/86 «Астана — Шымкент» бағытындағы «Тальго» пойыздары мен № 6803/6804 «Астана — Атбасар», № 7502/7501 «Астана — Павлодар», № 7507/7508 «Астана — Көкшетау» электр пойыздары арнайы тақырыптық безендірумен жолға шықты.

Пойыз вагондарына қазақ халқының батыр перзенттері — Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Нүркен Әбдіров, Төлеуғали Әбдібеков, Сағадат Нұрмағамбетов, Қасым Қайсенов, Мәлік Ғабдуллин мен Талғат Бигелдиновтің портреттері орналастырылған.