Елімізде бір аптада кене шағудың 1599 жағдайы тіркелді. Оның 45 пайызы немесе 717-сі — балалар.
Кез келген кене ауру таратпайды, алайда оның қауіпті не қауіпсіз екенін сыртқы келбетіне қарап ажырату мүмкін емес. Ең қауіптісі — кене энцефалиті. Бұл вирус орталық жүйке жүйесін зақымдап, мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, кене арқылы туляремия мен Лайма ауруы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, қайталама сүзек және риккетсиоздар сияқты жұқпалы аурулар таралады.
Кенелер сәуірден қазанға дейін белсенді. Олар тек тауда емес, қалалық саябақтарда, аулаларда және саяжайларда да кездеседі.