$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда әлеуметтік желіде қару сатылған

Алматыда әлеуметтік желіде қару сатылған
ІІМ

Алматыда пневматикалық қару мен пышақтар тәркіленді.

Полиция әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында пневматикалық қару мен суық қаруды заңсыз сату дерегін анықтаған.

"Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан пневматикалық қарулар мен суық қару түрлері тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желідегі заңсыз қару саудасы қоғамға тікелей қатер төндіреді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да күшейтіледі", - деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері аудандық полиция бөлімшелері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 619 тыйым салынған зат тәркіленіп, барлық дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталған.