$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ұлттық банк зейнетақы төлемі мен сақтандыру аннуитетіне кепілдік беруді ұсынады

AstanaTV
02.02.2018ж. 20:00
2825
Ұлттық банк зейнетақы төлемі мен сақтандыру аннуитетіне кепілдік беруді ұсынады

Ұлттық банк зейнетақы төлемі мен сақтандыру аннуитетіне кепілдік беруді ұсынады. Бұл туралы Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясы Қаржы және бюджет комитеті отырысында айтылды. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат Құрмановтың мәліметінше, өзгеріс «Сақтандыру туралы» заң жобасына енгізілген. Қазір мемлекет жинақталатын зейнетақыны инфляция деңгейінде ұстап тұруға кепілдік береді. Бірақ зейнетақы аннуитеті мен оқыс жағдай кезінде жұмысшыларға берілетін міндетті сақтандыруға кепілдік жоқ. Бас банкирдің орынбасары бұл жаңашылдық сақтандыру жүйесіне деген сенімді арттырады дейді.

Жанат Құрманов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

Әрине, толыққанды кепілдік беру мүмкін емес. Яғни сақтандыру компаниясына қойып отырған талапты ауыстыруға болмайды. Бірақ сақтандыру портфелін сақтандыру компаниясынан басқаға берген кезде қорғалмай қалатын адамдар болады. Мұндай жағдайлар көп емес. Алайда әлеуметтік жағынан ол аса маңызды.

Ал туристік мақсатпен шетелге баратын азаматтарға сақтандыру полисін алу міндеттелуі мүмкін. Өйткені қазіргі жүйе тиімсіздігін көрсеткен. Сақтандыру қызметі онлайн сатылмақ. Бұл өте ыңғайлы. Мұндай тәжірибені әлем халқының 40 пайызы пайдаланады екен. Заң жобасы әлі де талқыланады.