$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Зеленский Путинмен кездесудің басты шартын айтты

10.05.2026ж. 15:29
Зеленский Путинмен кездесудің басты шартын айтты
Фото: Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен Мәскеуден басқа кез келген жерде кездесуге әзір. Бұл туралы Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Сергей Лещенкотелемарафон эфирінде айтты.

Оның сөзінше, Украина тарапы келіссөз өткізуге арналған бірнеше алаңды қарастырып жатыр. Алайда Мәскеуде кездесу өткізу нұсқасы Киев үшін қолайсыз саналады.

Бұған дейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий УшаковВладимир Путиннің Зеленскиймен дәл Мәскеуде келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Ал Зеленский осыған дейін бірнеше рет Путинмен бетпе-бет кездесуге қарсы емес екенін айтқан. Бірақ оның пікірінше, мұндай келіссөз бейтарап аумақта өтуі тиіс.

Кездесу өткізуі мүмкін орындардың қатарында АҚШ, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Еуропа елдері қарастырылып отыр.