$498.34 €519.72 ₽4.85
×

8 жасар ақтөбелік бала Гиннестің рекордтар кітабына енуге ниетті

AstanaTV
02.02.2018ж. 20:00
6404
8 жасар ақтөбелік бала Гиннестің рекордтар кітабына енуге ниетті

Ақтөбе қаласының 8 жасар тұрғыны Гиннестің рекордтар кітабына енуге ниетті. Мұса Тұрқымбаев жуырда турникке 42 рет тартылып, Қазақстанның рекордтар кітабына енген. Ол стрит-воркаутпен 3 жасынан айналыса бастапты.  Ал, төрт жасында еш қиналмастан 50 рет кеудесін жерден көтеріп, жаттығу жасаған. Қазіргі көрсеткіші - 1600-ден асады!  Баланың негізгі қызығушылығы - белтемірге тартылу. Мұса қазір елімізде ғана емес, әлемдегі ең жас воркаутшы. Екі қолымен жерді тіреп, аяғын көтеріп жүру, турникте тепе-теңдікті ұстап тұру секілді жаттығуларды орындау Мұсаға түк қиын емес. Өткен жылы Астанадағы спорт клубының ашылуына арнайы қонақ ретінде шақырылды. Жетістігімен әлемге әйгілі Коннор МакГрегордың командасын қалдырған.

Мұса Тұрқымбаев, жас рекордшы:

Болашағымда, өскенде мен трехкратный оллимпийский чемпион по дзюдо болғым келеді. Сосын мировой рекорд істегім келеді. 

Мұса алдағы мамыр айында екі әлемдік рекордты жаңартуға ниетті. Турникке еш кедергісіз 55 рет және, денесіне 6 келілік гантель байлап, 20 рет тартылуға дайын. Қазір оның жасындағы әлем рекорды украиналық балаға тиесілі екен.