$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордада «Алты алаштың арысы – Ер Жалаңтөс» атты республикалық ақындар айтысы өтті

Қызылордада «Алты алаштың арысы – Ер Жалаңтөс» атты республикалық ақындар айтысы өтті

Қызылордада «Алты алаштың арысы – Ер Жалаңтөс» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Іс-шара Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына орай ұйымдастырылды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген  12 ақын шашасына шаң жұқтырмай, сөз бәйгесінде жүйрік екенін көрсетті. Жиналған халық та қиқулап, оларға дем берді. Үздіктер қаржылай сыйлықпен марапатталды. Іс-шараның өтуіне облыс әкімдігі мен «AMANAT» партиясы мұрындық болды.

АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT»ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ұлттық өнеріміздің ең басты маңызды мақсатының бірі -тарихи тұлғаларымызды ұлықтап, бүгінгі ұрпақ санасына сіңіру. «AMANAT» партиясы қашанда ұлттық дәстүрлі өнерімізге, ұлттық спортымызға жүйелі түрде қамқорлық көрсетіп келе жатыр. Үлкен-үлкен жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатыр. Соның бір мысалы бүгінгі үлкен шара.

БІРЖАН БАЙТУОВ, АҚЫН:

Жалаңтөс Баһадүр қазаққа ғана емес алты Алашқа, түркі жұртына ортақ тұлға десек қателеспейміз. Самарханды билеген қаншама жылдар. Қазақ хандығын сыртқы жауларға қорқауға атсалысқан үлкен һаһарман тұлғамыз. Сондықтан осындай тұрғамыздың 450 жылдық мерейтойын әсіресе айтыспен атап өту өте оырнды шешім.