Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мұрат Ергешбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов депутат басқа қызметке тағайындалғанын атап өтті.
Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына «ҚР Парламенті және оның депутаттары мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабы 3) және 8) тармақтарына сәйкес Парламент Мәжілісі депутаты Мұрат Ергешбаевтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, - деді Шавхат Өтемісов.
Мәжіліс депутаттары тиісті қаулығы дауыс берді.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутатқа тиімді жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.