Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Адамдар арасында сыртқы сұлулыққа қатты мән беру белең алғаны байқалады

AstanaTV
02.02.2018ж. 20:00
3967
Адамдар арасында сыртқы сұлулыққа қатты мән беру белең алғаны байқалады

Соңғы кездері адамдар арасында сыртқы сұлулыққа қатты мән беру белең алғаны байқалады. Үсті-басыңды күтіп ұстау дұрыс, әрине.  Бірақ мұндай әрекеттің күлкіні келтіретін тұстары да бар. "Щетка" кірпіктер секілді, жалпы сұлулық, әдемілік туралы пайым да жасанды болып бара жатқандай. Жан сұлулығы дегеніміз жәй, қызыл сөзге айналып кеткендей. «Жасанды кірпіктен» бөлек, пластикалық хирургия, түрлі екпелердің көмегімен бет-әлпетті адам танымастай өзгерту түк емес. Мұндай қадамның қалтаға кәдімшгідей салмақ салатыны айтпаса да түсінікті. Ал табиғилықтан ада қылатыны тағы бар.

Бақытгүл Омарова, Шымкент қаласының тұрғыны:

Қазіргі жастардың барлығы еріндерін бүйтіп шүртитіп алады. Құлақтарын істеді, мұрындарын істеді, кеуделерін істеді. Соның барлығының не керегі бар?! Табиғаттың берген сұлулығына не жетсін.

Ал кәсіби мамандар мұнымен келіспейді, әрине. Ота жасау "еріккенің ермегі емес" дейді.

"Сұлулық - құрбандықты қажет етеді" деген ұғым бар. Бірақ шын мәнінде солай ма? Қазақтың әжелері ешбір отасыз-ақ әдемі қартайды емес пе? Тілшілеріміз осы тақырыпта журналистік зерттеу жүргізуге тырысқан еді. Материалдың толық нұсқасын ертең 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар!