«AMANAT» партиясы жаңа модульдік бағдарламаны іске қосты. Оны партия жанындағы Саяси менеджмент академиясы үйлестіруде. Бағдарлама көшбасшылық қабілеттерді дамыту мен мемлекеттік басқару сапасын арттыруға бағытталған. Жоба аясында партияның Саяси менеджмент академиясы ауылдық округ әкімдерін, мәслихат депутаттарын және бастауыш партия ұйымдарының өкілдерін оқытуда. Академия лекторлары Қызылордада кезекті оқу семинарын бастады. 3 күндік іс-шараға 130 адам қатысып, білім жетілдіруде.
ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Бағдарламамыздың өзгешелігі- толық қазақстандық контекст. Яғни қазақстандық бағдарламалар, қазақстандық заңдар, олардың жүзеге асу тетіктері. Және екінші өзгері оқытып қана қоймастан осы оқуды оқығаннан кейін екінші этапта әрбір өзін жақсы тексттен өткен азаматтар проект алады. Сол проектілер арқылы азаматтың оқыған мәселесін қалай тоқыды, қалай практикада қолданады соны көреміз.