$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркі мемлекеттері ұйымы қандай қызмет атқарады?

13.05.2026ж. 19:35
Түркі мемлекеттері ұйымы қандай қызмет атқарады?
Фото: ашық дереккөз

Түркі мемлекеттері ұйымы – мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге арналған өңірлік ұйым.

Қазақстан түркі интеграциясының негізін қалаушылардың және қозғаушы күштерінің бірі. Еліміз ТМҰ-ның құрылу бастауында тұрды және ұйымдағы саяси диалогты тереңдету мен институционалдық дамуды дәйекті түрде ілгерілетіп келеді.

Қазақстан ТМҰ-ның институционалдық нығаю үдерісінде маңызды рөл атқарды. Атап айтқанда, 2009 жылы құрылған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2021 жылы толыққанды халықаралық ұйым ретінде ТМҰ-ға айналды.

Бүгінде ТМҰ мүшелері: Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан.

Астана ТүркПА, Түркі академиясы және Түркі инвестициялық қоры сияқты құрылымдарды құруды қоса алғанда, түркі ынтымақтастығы тетіктерінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты.

Еліміз «Түркі әлемінің келешегі - 2040» секілді ұзақмерзімді стратегиялық құжаттарды қабылдауды қоса алғанда, көпжақты ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бастамаларды белсенді түрде ұсынып келеді.

Қазақстан ТМҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілін алғаш болып тағайындады. Бұл үйлестірудің тұрақты тетіктерін қалыптастыруға және өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты қадам болды. Тұрақты өкілдер институты Ұйымның одан әрі тиімді институционалдық дамуына қызмет етеді деп сенеміз.

Астана басқа халықаралық ұйымдармен және серіктестермен, соның ішінде «ТМҰ+» форматында байланыстарды дамытуды қолдайды.

Қазақстан ТМҰ аясындағы саяси өзара іс-қимылды сауда-экономикалық, көлік және инвестициялық байланыстарды кеңейтудің негізі ретінде қарастырады.