Туризм және спорт министрлігі спорттық резервті даярлау және жоғары дәрежелі спортшыларды іріктеу процесін реттейтін 2014 жылғы 20 қазандағы №42 бұйрыққа түзетулер енгізді.
Бұйрыққа сәйкес, спорт түрлері бойынша спортшылардың жас мөлшеріне қатысты өзгерістер жасалды. Бұдан былай боксшылар 11 жастан бастап жарыстарға қатысатыны белгіленді. Бұл шешім жас спортшылардың денсаулығын сақтау және жарыс жолына дайындығын тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.