$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанда биыл үш айда 77 трансплантация жасалды

14.05.2026ж. 23:40
Қазақстанда биыл үш айда 77 трансплантация жасалды
фото: ҚР ДСМ

Оның ішінде 55 операция тірі донорлардан, ал 22-сі қайтыс болған донорлардан алынды, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі. Дәрігерлер бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе және көздің мөлдір қабығын ауыстыру оталарын жасаған.

Қазір трансплантация кезегінде 4600-ден астам адам тұр, соның ішінде 119 бала тіркелген. Ең көп сұраныс бүйрек трансплантациясына тиесілі. Министрлік мәліметінше, қазақстандықтардың донорлыққа қатысты көзқарасы да өзгеріп келеді. Бүгінде eGov жүйесінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты 156 мыңнан астам ерік білдіру тіркелген.

eGov арқылы донорлыққа қатысты ерік білдіру 2023 жылғы 38,7 мыңнан 2026 жылы 156 мыңнан асқан.