Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "AMANAT" партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады. Кездесуде ерекше қажеттілігі бар жандарға қолдау көрсету мәселесі көтерілді. Қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту инфрақұрылымын дамыту қажет. Мұндай орталықтар азаматтардың, оңалтудан өтіп, қалыпты өмірге бейімделуіне мүмкіндік береді. Бұған қоса, қабылдауда Наурызбай ауданын тұрақты ауызсумен қамтамасыз ету, тұрғын үй кешендеріндегі инженерлік желілердің жай-күйі, электр самокаттарының қозғалысын реттеу және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін күшейту мәселелері де қозғалды.
БОГДАН ДЖЕПКА, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ:
Алматыда мүгедектігі бар жандарға арналған заманауи параспорт кешені салынуда. Бұған дейін қалаға көпфункционалды оңалту орталығы қажет деп айтып жүрдім.. Енді кешен құрамында медициналық оңалту орталығы да ашылатыны белгілі болды. Мұнда жарақат алған азаматтар, әсіресе бастапқы кезеңде оңалтудан өтіп, денсаулығын қалпына келтіреді. Бұндай кездесулерден кейін нәтиже болары сөзсіз.