$494.87 €520.65 ₽4.91
×

№36 балабақшаға бір күнде 10 бала келмей қалды

AstanaTV
07.02.2018ж. 20:00
3542
№36 балабақшаға бір күнде 10 бала келмей қалды

Астанадағы №36 бақшаға бір күнде он бала келмей қалды. Ата-аналар сәбилердің астан улануы мүмкін дейді. Кеше кешкісін Динара Салихованың 5 жасар қызы сырқаттанып, жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Ақ халаттылар ішек инфекциясы деген диагноз қойып, дәрі жазып беріпті.

Кешкісін тәбеті болмады. Түнгі сағат екіде қызуы көтерілді. Құсып, іші өтті. Алты рет құсты.

Бала-бақша басшылығы аудандық тазалықты қадағалау бөліміне жағдайды хабарлаған. Мамандардан ешқандай дабыл хабар түскен жоқ,-дейді. Әзірге бөлмені жуып-шайып, залалсыздандыру туралы кеңес берумен шектелген.

Нағима Жұмабай, №36 бала бақша меңгерушісі:

Ол топта балаларды ұстауға бола ма деп сұрағанымда, болады деді. Кеше 20 бала келген. Он бүлдіршін ауырып қалды, өзгелері балабақшада.

Ал кешкісін бала-бақшаға қалалық білім бөлімінің өкілдері келді. Мекемеде болып мән-жаймен жете танысты. Тиісті тексеру жүргізіле бастағанын айтты.

Ләззат Оразбекова, Астана қ. білім басқармасының бөлім бастығы:

Анық-қанығын біліп алған соң, шешім қабылданатын болады. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатыр.