$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы облысында тойға барып ажал құшқан жігіттің өліміне қатысты сот басталды

AstanaTV
07.02.2018ж. 20:00
2678
Алматы облысында тойға барып ажал құшқан жігіттің өліміне қатысты сот басталды

Алматы облысында тойға барамын деп, ажал құшқан жігіттің өліміне қатысты сот отырысы басталды. Марқұмды соққыға жықты деп айыпталған екеу заң алдында жауап беріп жатыр. Оларға Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және «Бұзақылық» баптарымен айып тағылды. Бірақ, қорғаушы істің шала тергелгенін айтады. Оның сөзінше, «жігіт тойхананың алдында көз жұмған. Демек, іс «Адам өлтіру» фактісімен жүргізілуі тиіс. Осы мәселені алға тартқан жәбірленуші тарап қайта шағым түсірген.

Бегдалиевтер әулетінің шаңырағын ойсыратып кеткен қайғылы оқиға туралы бұдан бұрын да хабарлаған едік. Арыстай ұлынан айрылған әке әділдік іздеп, ұлының қазасына себепші болғандар жазасыз қала ма деп алаңдаған. Ол өткен жылы күзде қайтыс болған жігіттің өліміне қатысты істе "тергеушілер енжарлық танытып отыр" деп шырылдаған еді.