$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ішкі нарықты қамтамасыз етпей, экспортқа шығу шектеледі - Қ.Бозымбаев

AstanaTV
07.02.2018ж. 20:00
3065
Ішкі нарықты қамтамасыз етпей, экспортқа шығу шектеледі - Қ.Бозымбаев

Елдегі бірнеше шағын көмір шығаратын орындардың жұмысында кедергі болған. Соның салдарынан қатты отынның тапшылығы туындады. Бұл жайында Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен барған Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Кіші және орта разрездерде бір кедергілер көмір өндіруде болған. Техникалық проблемалар. Сондықтан, кейбір разрездер, мысалы, 1 апта, 10 күн тоқтап қалған. Сондықтан бұл мәселені қолға алып, қазір темпті қостық.

Министр аймақта ірі көмір өндіруші кәсіпорындар басшыларымен кездесіп, мәселені талқылады. Айтуынша, қазір көмірге қатысты проблема жоқ. Өндіруші компаниялар тиісті ауқымды жауып отыр, деді.

2017-ші жылы республика бойынша 106 млн тонна көмір өндірілген. Оның 56 млн тоннасы ірі кәсіпорындарға жөнелтілсе, 12,5 млн халыққа босатылған. Экпорт - 29 млн тоннаны құрады. Дегенмен, ішкі сұранысты қанағаттандырмай, сыртқа эскпорттауға шектеу қойылады. Сондай-ақ, тұрмыста қолданатын көмірдің ауқымын ұлғайту жайын ескертті.

Юрий Гончаров, «Восточный» разрезінің директоры:

Біз фракциялық көмірді өндіре бастадық. Бұл таза тұрмыстық және металлургтерге арналған. Қазір көмірді байыту бойынша жоба дайындап жатырмыз. Бұл жоба іске қосылған соң халыққа арналған көмірді өндіруге кірісеміз.