$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысында полиция жол ережесін бұзған шетелдік жүргізушіні ұстады

Түркістан облысында полиция жол ережесін бұзған шетелдік жүргізушіні ұстады
Polisia.kz

Полиция 18 рет жылдамдық асырған шетелдік жүргізушіні ұстады.

Түркістан облысының полицейлері "Қорғау" бағдарламасы арқылы жол ережесін бұзған жүргізушілерге қатаң бақылау жүргізуде. Мәселен Отырар ауданындағы патрульдік полиция инспекторларының қызметтік планшетіне жол ережесін бірнеше рет бұзған және айыппұлдарын уақытылы төлемеген "Nissan" автокөлігі бойынша дабыл түсті. Бірден әрекет еткен полицейлер аталған көлікті тоқтатты. Тексеру барысында шетелдік мемлекеттік нөмір таққан көліктің жүргізушісі де шетел азаматы екені анықталды. "Қорғау" жүйесіндегі мәліметке сәйкес, оның 600 мың теңгеге жуық төленбеген айыппұлы бар болған. Белгілі болғандай, жүргізуші бір жыл ішінде белгіленген жылдамдықты 18 рет асырған. Сонымен қатар бір рет жол таңбаларының талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Айта кетейік, жыл басынан бері Отырар ауданында "Қорғау" жүйесі арқылы айыппұлын төлемеген 97 құқық бұзушы анықталған. Оның 65-і берешегін өтесе, 32 автокөлік айыптұраққа қойылған.