$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Кітап-AMANAT» жобасы аясында 24 кітап орталығы ашылды

AstanaTV
21.05.2026ж. 19:00
«Кітап-AMANAT» жобасы аясында 24 кітап орталығы ашылды

Елде кітап оқу мәдениетін қолдап, зерделі ұлт қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл іске Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында қол қойған арнайы Жарлығы үлкен серпін берді. «AMANAT» партиясында өткен «SocioExpertClub» диалогтық алаңында осы бағыттағы ауқымды істер сөз болды. Іс-шара аясында қазақстандық автор, жазушы әрі публицист Бекнұр Қисықовтың «Тұзды көлдердің әндері» романының тұсауы кесілді. Туынды  мейірімділік, махаббат және табиғатты қорғау туралы сыр шертеді. Айта кетейік, «AMANAT» партиясының бастамасымен отандық кітап шығарушылар қосылған құн салығынан босатылып, ел бойынша «Кітап-AMANAT» жобасы аясында 24 кітап орталығы ашылды. 

БЕКНҰР ҚИСЫҚОВ, ЖАЗУШЫ, ПУБЛИЦИСТ:

Тұзды көлдің әндері» романын бүгін жариялап, насихаттап, соны бүгін мынау оқырмандарға көрсеттім. Сол романның ішінде енді мына біздің тұзымыз, халықтың тұзы, ән, өлең, өмір, дәуір соның бәрі қалай біздің халыққа қалай әсер етті, соның арқасында қалай біз негізі ел болдық деген сияқты, қалай егемендікке келдік, соның бәрін бүгін талқыладық.  «AMANAT» партиясына үлкен рахмет осы кітап мәселесін көтеріп отырған. 

ДИЛЯРА НҰРТАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫ МОНИТОРИНГ БӨЛІМІНІҢ АҒА САРАПШЫСЫ:

Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл - кітаптардың қолжетімділігін арттыруға, оқырмандық инфрақұрылымды жаңғыртуға, сондай-ақ қоғамның әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізетін маңызды қадам. Осы орайда «AMANAT» партиясы кітап оқу мәдениетін ілгерілету жұмыстарын үздіксіз қолдап келеді. Отандық кітап шығарушыларды қосылған құн салығынан босатуға партия депутаттары тікелей ықпал етті.