$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Экологтар Қарағанды облысындағы кәсіпорындардан өрескел заң бұзушылықтарды анықтады

22.05.2026ж. 19:00
Экологтар Қарағанды облысындағы кәсіпорындардан өрескел заң бұзушылықтарды анықтады

Экологтар Қарағанды облысындағы кәсіпорындардан өрескел заң бұзушылықтарды анықтады. Полигондардағы, сондай- ақ өндірістік аумақтардағы қауіпті қалдықтар шашылып жатқан. Ал өндіріс орындары оларды не жинап қоймаған, не есепке алмаған. Мазут, зиянды газ, мұнай мен металл қалдықтары, шаң - тозаң ауа мен топырақты ластап келген. Тіпті тұрмыстық, дәлірек тамақ қалдықтары мен өндіріс қалдықтарын араластырып жібергендер де бар. Сондай- ақ кей мекемелер арнайы шаң сүзгіштер орнатпаған. Қауіпті және қауіпсіз шығындылардың есебін де жүргізбепті. Тіпті соңғы 2-3 жылда техногенді қалдықтарды ашық аумаққа шығарып келген. Ал олар арнайы полигонда сақталуы тиіс.

ЗЕЙНЕП ҚОҢЫРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Тексерістер барысында қалдықтарды сақтау талаптарын бұзу фактілері анықталды. Біз осы бойына нұсқамалар берген болатынбыз. Нұсқамалар экологиялық департаменттің бас назарында бақылауда.