$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтады

Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтады

Жаңа Конституция жобасында отбасылық саясат стратегиялық деңгейге көтеріліп, неке ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде нақты бекітілді. Құжатта неке мен отбасы, ана, әке және бала құндылықтарын мемлекет тарапынан қорғаудың негізгі қағидаттары айқындалған. Неке ұғымына заңдық тұрғыдан нақты анықтама беріліп, оның тек ер мен әйелдің мемлекет заңына сәйкес тіркелген ерікті әрі тең құқықты одағы екені көрсетілген. Сонымен қатар, жаңа түзетулер балаға қамқорлық жасау мен оны тәрбиелеуді ата-ананың етене құқығы әрі міндеті ретінде конституциялық деңгейде бекітіп, олардың жауапкершілігін арттыра түседі. Сондай-ақ, құжатта ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту мақсатында кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті екені арнайы жазылған. Сарапшылардың пікірінше, отбасы құндылықтарын Ата заң деңгейінде шегелеу - мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен әрбір шаңырақтың іргесін бекемдеуге бағытталған маңызды қадам.

НҰРЛАН ЖАҢАБАЕВ, ЗАҢГЕР:

Қоғамның, ата-ананың, баланың моральдық, психологиялық жаңағы білім алуы барлығы көрсетілген. Толықтырып кетсек, баланың өсуі, білім алуы, әлеуметтік тәрбиесі, қоғамдық тәрбиесі көрсетілген. Оның ішінде бала, ана, қоғам, отбасы тірегі деп көрсетілген. Бұның ішінде ата-ананың және әке-шешенің қарым-қатынастары көрсетілген неке заң отбасылары деп мен ойлаймын.