Атырауда қолөнер шеберлерінің “Шебер FEST - 2026” халықаралық фестивалі өтті. Бабадан қалған ұлттық өнермен мәдени мұраны насихаттауға арналған шараны облыстық әкімдік осымен үшінші рет ұйымдастырып отыр.
Халықаралық фестивальге еліміз бен көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен келген жүзге жуық хас шебер қатысып, төрт мыңға жуық авторлық бұйым ұсынды. 69 жастағы киіз басу шебері тек меренос қойдың жүнінен жасаған аяқкиімді 48 аймаққа экспорттайтынын айтады.
КЕНЖЕКАН ТОКТОСУНОВА, ҚОЛӨНЕРШІ (ҚЫРҒЫЗСТАН):
Атырау қаласының тұрғындары, қонақтары келіп, аяқ киімге қызығып қарап кетіп жатады. Қазақтар көп жасамай қалды сырмақты көбейтуге, елдердің көзіне көрсету үшін алып келдім.
БЕРІК ӘЛІБАЕВ, ЗЕРГЕР:
Негізі 17-18-19 ғасырларда Батыс бізде зергерлік өнердің отаны болған ғой. Бұл жерде мектеп өте жоғары дамыған. Кеңес Одағы кезінде кішкене тоқырау болды да қазір жанданып, зергерлер пайда болып көп жұмыс істеп жатыр. Қазіргі күнде халықтың рухын көтеру, зергерлікке деген осындай өнер барын таныстыру біздің негізгі миссиямыз.
Көрме-жәрмеңкеге келгендер ағаштан, теріден, мал жүнінен жасалған бірегей бұйымдармен бірге, күмістен соғылған көздің жауын алатын зергерлік әшекейлерді тамашалап қана қоймай, қалай жасалу жолынан шеберлік сабағына қатысты.
ӘБІЛ ЖОЛАМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Басты мақсат мемлекет басшысы креативті индустрияны дамыту туралы үлкен алдымызға міндет қойған болатын. Осыған сәйкес креативті индустрияны дамыту мақсатында өзіміздің Қазақстандық шеберлерді және халықаралық шеберлері Атырауға шақыра отырып, біздің жергілікті шебердердің деңгейін көрсету.
Фестиваль аясында ұлттық тағамдар көрмесі, этнодефиле, ұлттық ойындар ұйымдастырылды.