$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Талдықорғанда жоғалып кеткен 7 жасар баланың денесі табылды

26.05.2026ж. 11:14
Талдықорғанда жоғалып кеткен 7 жасар баланың денесі табылды
фото: zhetysu.travel

Талдықорғанда 7 жастағы ерекше күтімді қажет ететін Данияр Айбек есімді бала жоғалып кетті. Жеткіншектің жақындары көз жазып қалғанын «102» желісіне сағат 19:50 шамасында хабарлаған.

Осыдан кейін полиция қызметкерлері мен еріктілер бірден іздеу жұмыстарына кірісіп, аулалар мен алаңдарды, Қаратал өзенінің жағасын түгел тексерді. Өкінішке қарай, бірнеше сағатқа созылған іздеуден кейін баланың денесі таңғы сағат 05:00 шамасында өзен маңынан табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала суға батып кеткен болуы мүмкін. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.