$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Еліміздің үш қаласында пилотсыз такси іске қосылады

28.05.2026ж. 23:00
Еліміздің үш қаласында пилотсыз такси іске қосылады
фото: gov.kz

Жүргізушісіз такси ілкі жобасын жүзеге асыруға дайындық жалғасып жатыр. Бұл жөнінде Премьер-министрдің орынбасары - Жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Оның сөзінше, жоба Yandex және inDrive компанияларымен бірлесіп атқарылады. Қазір қажетті реттеуші базаны әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол алдағы уақытта технологияны елдің өзге қалаларына енгізуге мүмкіндік береді.

Пилоттық жоба үш қалада – Астанада, Алматыда және Қосшыда іске асырылатыны белгілі. Жүргізушісіз такси жүйесін тестілеу 2026 жылдың соңына дейін жалғасады.