Қызылордада келешекте санитарлық-техникалық бұйымдар мен шыны ыдыстар шығарылады. Қос өндіріс орны аймақ экономикасын ілгерілетуге оң ықпал етеді деп күтілуде. Оған «ROCА GROUP» және «Seven Rivers Technoiogies» компаниялары инвестиция құйып отыр.
«ROCА GROUP» компаниясының сантехникалық жабдықтар шығаруда 100 жылдан аса тәжірибесі бар. Өнімдері 170 елге экспортталатын компания Қызылорда да өндірісін іске қоспақ. Бұл - еліміздегі экологиялық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін өнім шығаратын алғашқы зауыт болмақ. Салтанатты түрде капсуласы салынған өндіріс 2028 жылы іске қосылады.
ДАНИЭЛЬ ЭРНАНДЕС, «ROCА GROUP» КОМПАНИЯСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:
Бұл жобаны 2 жыл бұрын қолға алдық. Негізінен 6 кезеңнен тұрады. Бастамаға 70 млн еуро инвестиция құйып жатырмыз. Өндіріс орнын Қызылордаға салу себебіміз ауа райы қолайлы. Әрі транзиттік аймақ болып табылады.
Сонымен қатар, келесі жылы аймақта құны 60 млрд теңге болатын шыны ыдыстар шығаратын зауыт іске қосылмақ. Оған германиялық компания қаржы құюда.
МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Ең басты жопарлары қалдық шишалардың барлығын жинақтап, соларға екінші өмір беріп, шыны ыдыстарды шығаруға бағытталған. 240 млн дана жылына өнім шығарады. Бұның барлығы тек қана Қазақстан емес, көрші елдеріміз бар, шет елдеріміз бар соған тасымалдау жұмыстарымен айналысады.
Аймаққа соңғы 4 жылда 2,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған. Алдағы 3 жылда 1,9 трлн теңге болатын 48 бастама қолға алынбақ.