Қазақстан Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «E. SERKEBAEV. 100 JYL» коллекциялық монетасын айналымға шығарды.
Монета мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған. Оның массасы - 15 грамм, диаметрі - 33 мм. Дайындау сапасы - brilliant uncirculated, номиналы - 200 теңге. Таралымы - 7 мың дана.
Сонымен қатар «Жүректен жүрекке» сериясынан «AINALAIYN» коллекциялық монетасы да сатылымға шықты.