Қостанайда полицей суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды.
Кешкі уақытта "102" арнасына куәгерлерден шұғыл хабарлама келіп түсті: Қостанай қаласындағы үлкен көпір маңында Тобыл өзенінде ер адамның батып бара жатқаны туралы ақпарат берілген. Мұндай сәтте әр секунд қымбат еді. Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып патрульдік полиция батальоны взводының командирі Медет Қойшегұлов жетті. Уақыт оздырмай, полиция қызметкері суға секіріп, зардап шегушіні құтқаруға кірісті.
Полицейдің батыл әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде 34 жастағы ер адам судан аман-есен шығарылды.
Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсету мақсатында ол дереу медициналық мекемеге жеткізілді.