Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Үндістаннан оралған 5 туристтің тырысқақ ауруын жұқтырғаны анықталды

AstanaTV
08.02.2018ж. 20:00
3602
Үндістаннан оралған 5 туристтің тырысқақ ауруын жұқтырғаны анықталды

Тырысқақ ауруын жұқтырған туристердің барлығы дерлік Алматы тұрғындары. Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшинге сілтеме жасап, Информбюро порталы хабарлады. Оның пікіріне сүйенсек, бүгінде 5 адамның диагнозы анықталған. Ауру жұқтырғандар Үндістанның Гоа штатында демалып келген. Олар алғашқы белгілерінде дәрігерге қаралмаған көрінеді. Бірақ неге екені белгісіз, Денсаулық сақтау мирнистрлігінің мамандары ресми сұхбат беруден бас тартты. Алматыдағы санитарлық эпидемиологиялық бақылау орталығының мамандары да министрліктен пәрмен берілмеді деп отыр. Ал қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері тырысқақ ауруымен түскен науқас жоқ деді.

Енді Гоаға аттанатын қазақстандықтар гигиеналық талаптармен танысып, қол қоюы тиіс. Бүгін туроператорларға осындай тапсырма берілген. Осылайша қауіпті инфекцияның таралуына жол берілмейді. Ал Қазақстаннан күніне 170 турист Ұндістанға демалуға аттанатын көрінеді.

Әрине, біз гигиена ережелерін таныстырамыз. Санэпидемиолог маман бізге хабарлады. Дұрыс тазаланбаған ыдыстан ауру жұқтыруыңыз әбден мүмкін. Оның ішінде ең көп ауру ұлулардан жұғады.