$541.34 €640.73 ₽6.53
×

29 мамыр – Еуразиялық экономикалық одақ күні болып жарияланды

29.05.2026ж. 18:48
29 мамыр – Еуразиялық экономикалық одақ күні болып жарияланды
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Бұл туралы Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында мәлімдеді.

«Жоғары кеңестің шешімімен 29 мамыр – Еуразиялық экономикалық одақ күні болып ресми түрде жарияланды. Бірлестігіміздің он жылдан астам тарихы бар. Осы уақыт ішінде экономикалық интеграцияны тереңдету бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Атап өтерлік жайт, бұл күндері Астанада Жоғары кеңестің отырысымен қатар, Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр. Форум қорытындысы сан қырлы іскерлік серіктестігімізге тың серпін беретініне сенімдімін», – деді Президент.