$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада Сауран көшесінің бір бөлігі бір айға жабылады

Астанада Сауран көшесінің бір бөлігі бір айға жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Елордада маусым айында Сауран көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың 1–30 маусымы аралығында инженерлік желілерді орнату жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Сауран көшесінің бойындағы жергілікті жолдың Алматы көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс толықтай жабылады.

 Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген хабарламада.