$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алдияр Рамазанов – көркем жүзуден Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері

Алдияр Рамазанов – көркем жүзуден Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері
ҰОК

Испанияның Понтеведра қаласында көркем жүзуден әлем кубогінің 4-кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы Алдияр Рамазанов ерлер арасындағы техникалық бағдарламаның жекелей сынында қола медаль жеңіп алды.

Жүлдегерлер:

​Филиппо Пелати (Италия) - 229,7325 балл

​Энеко Санчес Агилар (Испания) - 228,4342 балл

​Алдияр Рамазанов (Қазақстан) - 223,0833 балл

​Еліміздің тағы бір өкілі Виктор Друзин осы сында 203,5667 балл нәтижесімен 4-орыннан көрінді.

Айта кетейік, осыған дейін аралас жұптық сынның техникалық бағдарламасында Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл жарысқа 29 мемлекеттен 208 спортшы жиналды. Ел намысын барлығы 22 отандасымыз қорғап жатыр. Әлем кубогы 31 мамырда мәресіне жетеді.