Бас прокуратурада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің студенттерімен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты - болашақ заңгерлерді прокуратура органдарының қызметімен таныстыру, жастар арасында құқықтық мәдениетпен заңға құрмет құндылықтарын дәріптеу.
Бас прокуратураның Кадр жұмысы департаментінің өкілдері студенттерге прокуратура органдарының функциялары, міндеттері мен миссиясы, қызметкерлерге қойылатын талаптар, сондай-ақ қызмет өткерудің ерекшеліктері туралы айтып берді.
Кездесуде Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға түсу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға прокуратура органдарына қызметке қабылдау тәртібі, кәсіби даму мүмкіндіктері және мансаптық өсу перспективалары түсіндірілді.
Кездесу барысында жастар арасында жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына, жаңа Конституция ережелерінің мәніне және онда айқындалған«Заң мен тәртіп» қағидатының «Адал Азамат» тұжырымдамасы аясындағы патриотизмнің негізі ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап алды.