Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін маңызды хабарлама. Астанадағы ірі көлік күретамырларының бірі – Н. Тілендиев даңғылында жол жөндеу жұмыстары басталуына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Қалалық әкімдіктің мәлімдеуінше, жол төсемін жөндеу жұмыстары мамыр айының соңғы күнінен басталмақ. Шектеулер 31 мамыр мен 15 маусым аралығында күшінде болады. Көлік қозғалысы ішінара Н. Тілендиев даңғылының бойында және Баршын көшесінен бастап көлік айрығына дейінгі аралықта шектеледі.
«Аталған учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты қозғалыс ішінара шектеледі. Көліктердің жүруі жолдың бір жағымен екі бағытта да қатар ұйымдастырылатын болады», — деп түсіндірді елорда әкімдігі.
Жолдың тарылуына байланысты Тілендиев даңғылының бойында кептеліс пайда болуы мүмкін. Сондықтан қала билігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды ұсынады.