$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Көкшетауда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан баланы көлік қағып кетті

31.05.2026ж. 21:31
Көкшетауда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан баланы көлік қағып кетті
Фото: © istockphoto.com

Көкшетаудың қақ ортасындағы жаяу жүргіншілер өткелінде жеңіл автокөлік кішкентай баланы қағып кетті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апаты бала ересек адамдармен бірге жолды кесіп өтіп бара жатқан сәтте болған. Жол өткелі бағдаршаммен және арнайы жолақтармен жабдықталған.

Жаяу жүргіншілер тарапынан негізгі қауіпсіздік шараларының сақталуына қарамастан, жүргізушінің салғырттығынан апаттан қашып құтылу мүмкін болмады. Бала ауыр жарақат алған жоқ. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта аталған жол апатына қатысты полиция қызметкерлері тексеру амалдарын бастады. Оқиғаның нақты себептері мен кінәлі жүргізушінің тұлғасы анықталып жатыр», — деп хабарлады құқық қорғау органдарынан.