$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Батысқазақстандық Наталья Қалымбетова қызын іздестіріп жатыр

02.06.2026ж. 19:00
Батысқазақстандық Наталья Қалымбетова қызын іздестіріп жатыр

31 жыл бұрын ауылдастарым зорлады деп араша іздеген батысқазақстандық Наталья Қалымбетова қызына іздеу салады. Айтуынша, сәбиі сол сұмдықтан кейін дүниеге келіпті. Енді жәбірленуші бұл іске қоғам назарын аудартып, көз жазып қалған тұңғышымен қауышқысы келеді.

Натальяны 17 жасында бір топ ауылдасы зорлап, қорлық көрсеткен екен. Қорғансыз қызды өлімші қып ұрып-соққан жігіттер болған жәйт туралы айтсаң - өлтіреміз деп қорқытыпты. Кейін бойжеткен жүкті болып қалады. Жағдайы болмағасын, сәбиін амалсыз мемлекет қамқорлығына қалдырады. Бірақ оқуын бітіріп, жұмысқа орналасып үлгіргенше қызын шетелдік азаматтар асырап алған. Бөбегінен осылай көз жазып қалған келіншек енді тағдырын тас-талқан қылғандар жауапқа тартылсын деп отыр. Егер қызы табылса, кінәлілерді мойындату жеңілдемек. Полиция осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғапты.

НАТАША ҚАЛЫМБЕТОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Ауылға барып келдік, болған жағдайды көрсеттім. Бізбен бірге екі полиция болды. Сол кездері 90-95 жылдардың арасында милиция болмапты. Сосын ондай жағдай жалғыз менің басымнан өтпеген. Көп қыздардың басынан өткен. Қызымды Америка асырап алған деген сөз бар. Фамилиясы тек жазылған. Әке-шешесінің аты жазылмаған. Менің бірінші мақсатым - қызымды табу.