$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Тарбағатай ауданында «AMANAT» партиясының жаңа ғимараты ашылды

AstanaTV
02.06.2026ж. 19:00
Тарбағатай ауданында «AMANAT» партиясының жаңа ғимараты ашылды

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының жаңа ғимараты ашылды. Кеңсе заманауи жиһаздармен, компьютерлік техникамен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне әрі тұрғындарды қолайлы жағдайда қабылдауға мүмкіндік береді. Жаңа кеңсе тек жұмыс орны ғана емес, қоғамдық диалог алаңына айналмақ. Мұнда халықпен кездесулер өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланып, ауданның дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылады. Ашылу салтанаты аясында партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табысталды. Сондай-ақ облыс әкімі мен Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров ауданның белсенді жастарымен кездесті. Кездесу барысында жастарды қоғамдық өмірге тарту, жастар бастамаларын қолдау, волонтерлік қозғалысты дамыту және азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері талқыланды.

ЖАНАТ МЕКЕЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінде Жол картасы аясында көптеген әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр және бірқатары толық орындалды. Әлеуметтік нысандар салынып, пайдалануға берілуде, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Сонымен қатар, шекара маңындағы аумақтарды дамытуға арналған жаңа заң Тарбағатай ауданы мен өзге де шекаралық өңірлердің одан әрі дамуына тың серпін береді деп сенеміз.