$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Абай облысында заңсыз айналымнан 2 350 литр алкоголь тәркіленді

Абай облысында заңсыз айналымнан 2 350 литр алкоголь тәркіленді
Polisia.kz

Абай облысында алкоголь өнімдерін заңсыз өткізу мен сақтаудың жолын кесу мақсатында тұрақты профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері өңірде алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 148 фактісінің жолы кесілді. Олардың қатарында алкоголь өнімдерін рұқсат құжаттарынсыз сату, заңда белгіленген сауда талаптарын бұзу, өнімнің шығу тегін растайтын құжаттардың болмауы, сондай-ақ сақтау және өткізу кезінде оның сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың сақталмауы бар. Нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы 2 350 литр алкоголь өнімдері тәркіленді. Бұл шаралар қоғамдағы қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып отыр. Полиция алкоголь өнімдерінің заңсыз сатылуына қарсы күресті тұрақты түрде жүргізуде. Рейдтік тексерістер сауда орындарына, қоймаларға, қоғамдық тамақтану нысандарына және алкоголь өнімдерін сататын кәсіпкерлік субъектілеріне бағытталады. Сонымен қатар профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлерге заң талаптарын сақтаудың маңызы түсіндіріліп, ескертулер жасалады. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың алдын алу – бұл тек әкімшілік іс-қимыл ғана емес, сонымен қатар қоғамның қауіпсіздігі мен азаматтардың денсаулығын қорғаудың негізгі кепілі.