$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Семей тұрғыны балағат сөз айтқаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

Семей тұрғыны балағат сөз айтқаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды
Polisia.kz

Семей қаласының 51 жастағы тұрғыны қарызын уақытында қайтара алмаған. Қарызды қайтаруды талап еткен танысына ол дауыс хабарламасы арқылы балағат сөздер айтып, қорлаған. Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 20 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін сотталған азамат Семей қаласының пробация қызметінің есебіне алынды. Ол өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді. Жазаны өтеу үшін ер адам қаладағы коммуналдық кәсіпорындардың біріне жіберіліп, аумақты абаттандыру жұмыстарына тартылды. Орталық аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Ержан Есполатовтың айтуынша, қоғамдық жұмыстар сотталғандарға өз әрекеттерінің салдарын түсінуге мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың қоғамнан оқшауланбай, еңбекпен қамтылуына жағдай жасайды.

– Пробацияның негізгі мақсаты – адамның заңға бағынатын өмір салтын ұстануына ықпал ету және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу, – деді Ержан Есполатов.