$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Таксиді ойыншық тапаншамен қорқытты

Таксиді ойыншық тапаншамен қорқытты
gov.kz

Алматы тұрғыны шетелден келіп, такси жүргізіп жүрген азаматты ойыншық мылтықпен қорқытып, кепілге алған.

«Криминалды Қазақстан» телеграмм-арнасындағы материалға сүйенсек, шетелден келіп, такси жүргізіп жүрген бұл азаматты көшеден бір жолаушы тоқтатқан.

Көліктің артына мінген ол такси жүргізушісіне «мылтық» оқтап, қорқытқан және діттеген жеріне тегін апаруды талап еткен.

«Жолда патруль машинасын көрген такси жүргізушісі көлігін жолдың шетіне тоқтата сала, полицияға қарай жүгірген. Полиция қызметкерлері көліктің есіктерін жауып, артқы орындықта отырған азаматты ұстаған. Анықталғандай, ол ойыншық мылтықпен жүргізушіні қорқытып, кепілге алған», - деп хабарлайды дереккөз.