$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі мәресіне жетті

Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі мәресіне жетті
ҰОК

Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Зейнолла Идрисов көрсетті. Спортшы ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Нариман Курбанов пен Роман Маменов те турнирдің финалына шықты.

Курбанов ат снарядындағы жаттығуда жетінші орынға тұрақтаса, Маменов қол тіреп секіру бағдарламасында алтыншы нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, маусым айында Қытайдың Цзуньи қаласында Азия чемпионаты өтеді.