Сенат ғалымдардың мәртебесін күшейту туралы заң жобасын мақұлдады. Ал, 80 жылдық тарихы бар Ұлттық ғылым академиясы заңда қазақстанның ғылыми болашағының негізгі орталық деп танылады. Сондай-ақ, ғылыми орталықтарды қаржыландыру және арнайы экономикалық аймақтармен ынтымақтыстықты күшейту көзделген.
АЛТЫНБЕК НУХҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Бұл – ғылыми жобалардың тұрақты қаржыландырылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясында бірлескен жобаларды қолдау және ғылыми жобаларды коммерцияландыру шаралары күшейтіледі. Осының нәтижесінде ғылыми зерттеулерден бастап, оны өндіріске енгізуге дейінгі толық цикл қалыптасады.