$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада алғашқы республикалық педагогикалық хакатон басталды

Астанада алғашқы республикалық педагогикалық хакатон басталды

Елордада «EduAI: Педагогикалық хакатоны» басталды. "AMANAT"  партиясы мен мен Daryn Ustaz  ұйымдастырған бұл іс-шара педагогтердің жасанды интеллект саласындағы қабілеттерін дамытуға және білім беру жүйесіне инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған.

Дүбірлі додаға әр өңірден іріктелген 400-ге жуық маман қатысуда. Олар білім беру контентін әзірлеу, бағалау жүйесін автоматтандыру және жекелендірілген оқыту бағыттарында өздерінің инновациялық жобаларын ұсынады. Хакатон қорытындысы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен 20 педагог Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.

ШОЛПАН КАРИНОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Осы жобаның шеңберінде 400 мыңға жуық қазақстандық мұғалім ЖИ оқу процессінде пайдлануға қатысты арнайы оқулардан өтті. Оқулар әдістемелік тақырыптарда 6 модульді құрады. Осы 6 модуль бойынша сәтті өткен мұғалімдер, тиісті тестілерін тапрсырып, қажетті біліктіліктерін арттырды.

АЙГҮЛ БАБАШЕВА, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ №32 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Басты мақсатымыз тек саяхат жасау емес, ол өзімізге пайдалы педагогика саласына қажетті дүниелерді өз қоржынымызға толтырып қайту. Сондықтан, бұл екі кү тәжірибемде сол мүмкіндік жинап құайтатын күн болады еген ойдамын. Мүмкіндік болса, үшінші кезеңге де өтемін бе деген ойым бар.