Павлодарда дәрігерлер "Таза Бейсенбі" акциясына атсалысты. Облыстық балалар ауруханасының ұжымы мекеме ауласын күл қоқыстан тазартып, гүл екті. Бұл әр апта сайын жасалатын шара. Мақсат шаһардың тазалығын сақтап, қаланың гүлденуіне өз үлестерін қосу. Бұл сенбілік “AMANAT” партиясының «Таза бейсенбі» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта да игі іс өз жалғасын табатын болады. Облыстық балалар ауруханасында “AMANAT” партиясының бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді.
КӘМИЛА ДАЙЫРОВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫНЫҢ «ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл біз үшін бір жолғы шара ғана емес, үнемі жасалатын тазалық жұмыстары. Бұндай акциялар қаланың тазалығын ғана емес, ұжымның ынтымақ, бірлігін арттырады. Сол себепті осындай шараларға жиі қатысып тұрамыз. Тазалық әр адамның өзінен басталса, бүкіл ел, қала, ауыл бәрі таза болады.