$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді
Фото: © Pixabay.com

Тұрғындарға смс хабарлама бармаған

Алматы жер сілкінді. Әлеуметтік желіде тұрғындар дүмпуді сезіндік деп жарыса жазуда.

Бірақ жер сілкінісі кезінде тұрғындардың ұялы телефондарына төтенше жағдай туралы хабарлама келмегені айтып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделіп, эпицентр пен сезгіштігі туралы мәлімет нақтыланып жатыр.

 

Жер сілкінісінің магнитудасы 5,8 болды

Ақпарат Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтында жарияланды.

Халықаралық сарапшылардың мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің магнитудасы 5,8 болды.

Сейсмологиялық сервистің мәліметінше, 4 маусым күні сағат 21:19-да магнитудасы 5,8 болатын жер сілкінісі тіркелген. Зілзаланың эпицентрі Қазақстан мен Шыңжаң шекарасы маңында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 316 шақырым жерде және Қытайдағы Хочэннен солтүстік-батысқа қарай 63 шақырым жерде орналасқан.

Сервис дерегінше, жер сілкінісінің тереңдігі 7 шақырым болған.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендіктің 44.5321 градусы және шығыс бойлықтың 80.4429 градусы.