$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жол апатынан бір бала қаза тапты

05.06.2026ж. 15:11
Жол апатынан бір бала қаза тапты
Фото: zakon.kz

Павлодар облысының Баянауыл ауданында болған жол-көлік оқиғасынан кейін кәмелетке толмаған жолаушы көз жұмды. 

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Баянауыл ауданындағы Торайғыр ауылының маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Lada-21214 автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан машина жол жиегіндегі кюветке аударылған. Оқиға кезінде зардап шеккен кәмелетке толмаған жолаушы кейін ауруханада қайтыс болды.

«Баянауыл ауданының Торайғыр ауылы маңында болған Lada-21214 автокөлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апат салдарынан кәмелетке толмаған жолаушы ауруханада көз жұмды», – деп мәлімдеді полиция.

Көлік арнайы тұраққа қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.