$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Банктердің ішкі қаржы айналымын жіті бақылауға рұқсат беретін заң жобасы әзірленеді

AstanaTV
09.02.2018ж. 20:00
2707
Банктердің ішкі қаржы айналымын жіті бақылауға рұқсат беретін заң жобасы әзірленеді

Банктердің ішкі қаржы айналымын жіті бақылауға рұқсат беретін заң жобасы әзірленеді. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген жиынында Президент Парламентке осындай тапсырма берді. Төрт сағатқа созылған жиында қамтылмаған сала жоқ. Төртінші мұнай өңдеу зауыты, дегенмен, салынады. 2026 жылы қолданысқа берілуі керек. Міндетті медициналық сақтандыру екі жылдан соң емес, келесі жылы енгізілсін деді Президент. Қай министрдің шаршап жүргені, қай министрдің соңғы рет ескерту алғанына да тоқталды. Мөлдір Бақыт-қызы тарқатады.

Банктер, оның ішінде қожайындары, халықты тонауды тоқтауы тиіс. Бұрын Әблязовке сілтесек, қазір не кедергі, - дейді Президент. Былтыр банкрот болған "Дельтабанк" 100 пайыз кредитті өз акционеріне берген. РБК да сол. 90 пайыз несиені өзінің 4 акционері бөліп алған. Бәрі кәсіпкер. Ұлттық банктен екінші деңгейлі банкке деп төмен пайызға алып, оны қалтаға басып үйреніпті. Кейін банкрот деп мүләйімсиді. Ақышевтің осы айтқаны Президенттің ашуын шақырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

У всех перед глазами тотальное воровство денег государства и народа БТА Банком во главе с Аблязовым. По всему миру мы раскрыли и доказали, что это было явное воровство денег государства. А что сейчас? Создали банк, и туда пошли люди и национальные компании. И теперь эти акционеры вытаскивают оттуда деньги, и Национальный банк сидит и наблюдает за этим. Ну, как это так?

Назарбаев табан асты банктердің ішкі қаржы айналымын бақылауға мүмкіндік беретін заң шығаруды тапсырды. 

"Спасибо большое, Нурсултан Абишевич" "Что спасибо? Ты давно должен был это сделать - привести предложение"

Премьер-министрдің баяндамасы мінсіз. ІЖӨ өсімі 4% құрады. Өсімнің 60%-на шикізаттық емес секторлар есебінен қол жеткіздік. Сыртқы сауда айналымы 25% ұлғайып, 69,5 млрд долларға жетті. Макроэкономикалық ахуал жақсарды. Инфляция 7,1%-ға дейін төмендеді. Сыртқы қарыз ІЖӨ шаққанда 26% аспайды. Республикалық бюджетке түсім 26,3% көбейді, дейді. Бүгін міндерден Қошанов пен Көшербаев та есеп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мынандай докладтан кейін біраз демалыс бергім келіп отыр сендерге.

Президент Үкіметке сандық технологияны тәптіштеп түсіндіруді тапсырды. Жұмағалиевтің пайымын қойшы түгілі, көзі ашық адам да түсінбейді, - дейді. Осы тұста Абылай Мырзахметов қазіргі 4-ші революция туралы қалжың-қағытпа айтып үлгерді. 

Абылай Мырзахметов, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы:

Жақында Қызылорда облысында бизнесмендерді жинап, 4 революция туралы жиын өткізді. Сонда шығып келе жатсақ, ауданның азаматтары айтады дейді. 1-2-де ұйықтап қалғанбыз ба, 4-ші революция келіп қалыпты дейді. Бірақ оларға түсіндіріп айттық.

- Сен оларға айт, 5-келе жатыр қазір.

Айтпақшы, Үлкен Мырзахметовтің неліктен Астанадан аймаққа ауып кеткені де түсінікті болғандай. Президент бір мәселенің шетін шығарды. Асқар мырза инвесторларға қырын қараса керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Один крупный инвестор, компания, три года ходила за Аскаром Мырзахметовым. Он сбежал от них. Каждый министр должен говорить: "Сделаю, деньги заплачу, иди ко мне".  Должны перерабатывать все от копыт, шерсти и внутренних органов, а мы, наоборот, работать не даем.

Ал "Самұрықта" млрд-тар санап жүрген Шөкеев мырза қазір мал санап кетті. Асыл тұқымды сиырларға электронды ен саламын дейді. Осыдан екі жыл бұрын экс-министр Мамытбеков Президентке ішкі нарықты етпен толық қамтып, 60 мың тоннасын экспорттаймын деп уәде берген. Бәлен млрд-қа шетелден асыл тұқымды сиыр да сатып алған. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қанша сиыр сатып алдық? - 58 мың қазір -20 млрд - 300 мың болды - Өзіміз сатып алған мал орыныда ма? Баяғыда совет өкіметінде де сатып алғанбыз, сосын 10 жылдан соң сол сиырлар ешкі болып кеткен -Ондай біз жол бермейміз.

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке біраз тапсырма жүктеді. Өзін өзі жұмыспен қамтыған халықтың есебіне жетпей "Міндетті медицинаналық сақтандыру" жүйесін енгізу екі жылға шегерілген. Оны бір жылға қысқартуды тапсырды. Яғни келесі жылы іске асуы керек. Жұсыссыздар санына жете алмай жүрген Тамара Дүйсенованың шаршап жүргенін ескертті. Бұдан бөлек, медицина мекемелеріне қажетті электронды құралдарды сатып алу кешіккен. Көш соңында жүрген үш әкім еріксіз жауап берді.

-Вставайте все! Стойте! Ал Даниал! 

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

Проблема довольна простая. Мы выделили млрд теңге на закуп, к сожалению, комитет закупок Министерства финансов ни одного компьютера не купил. Мы не сидим на месте.

Осылайша таяқтың ұшы Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа тиді. Президент бұл соңғы ескерту екенін есіне салды.