Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусынан қаза тапқандар саны 60-қа жетті. Қауіпті індетті 344 адам жұқтырған.
Вирус ошағы Итури провинциясында тіркелген. Ал оған көршілес Угандада эболаны 15 адам жұқтырып, 1 адам қаза тапты. Жергілікті билік пен халықаралық ұйымдар жағдайды жіті бақылап отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, вирус бастапқыда тез тарап, оны тоқтату шаралары кеш қолға алынған.